foto
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары және қонақтары!
Мен «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК ресми интернет-ресурсына хош келулеріңізге қуаныштымын! Біздің сайтымыздың көмегімен Сіздерге жақын тілдесеміз, медициналық қызметтер көрсету мәселелерінде өзара қарым-қатынас, кері байланыс орнатамыз деп үміттенеміз. Сіздердің кез-келген өтініштеріңіз назардан тыс қалмайды, ұсыныстарыңыз, ескертулеріңіз қарастырылып, бізге медициналық көмектің ұйымдастырылуын жетілдіруге көмектеседі. Сіздермен бірлесе отырып, медициналық қызмет көрсету деңгейін көтеріп, тұрғындардың денсаулығын нығайта аламыз. Біз медициналық көмектің әркімге қолжетімді және сапалы болуына ұмтыламыз. Сайтта өзіңізге қажетті кез-келген ақпаратты таба аласыздар, денсаулықты қорғауға қатысты сұрақтар қойып, денсаулық сақтау саласының соңғы жаңалықтарын және алдағы іс-шаралардың анонстарын біле аласыздар. Баршаңызға денсаулық тілеймін!
Құрметпен, бас дәрігер Блейменов Марат Бахтиярұлы

Өмірбаяны

Старокожев Юрий Александрович ШҚО денсаулық сақтау басқармасының “Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медциналық орталығы” ШЖҚ КМК  бас дәрігері.

Семей облысы, Үржар ауданы, Некрасовка ауылында 1960 жылғы 1 қазанда дүниеге келген. Орта мектепті аяқтағаннан кейін 1978-1980 жылдары Совет Армиясы қатарында әскерде болған.  Әскерден қайтқаннан кейін Медициналық институтқа оқуға түскен. Институтты тәмамдағаннан кейін «Неврология» мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасына жолдама алған.  

Интернатураны аяқтағаннан соң 1989 жылы «Өскемен қаласының 1 қалалық ауруханасына» нейрохирургия бөлімшесіне нейрохирург дәрігер ретінде жұмысқа қабылданған. 1994 жылы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау Департаментінің бас штаттан тыс нейрохирургы ретінде тағайындалған.

04.12.2002 ж. Қазақстан Республикасының 10 жылдық тәуелсіздігіне арналған мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасының кәсіби одағының орталық комитетінің мақтау қағазымен марапатталған. 10.04.2004 ж. №111 38/к-29 «Медицина ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі берілген, 05.12.2001 ж. Жарлығымен №20530  «10 жыл Астана» медалімен марапатталған, 05.12.2011 ж. №3133 «Құрмет» ордені,  №119 «ҚР Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталған. 2016 жылы Өскемен қаласының құрметті азаматы атағы берілген.

2012 жылы ШҚО ДСБ “ШҚО ММО” ШЖҚ КМК бас дәрігері ретінде тағайындалған.

Үйленген, екі баласы бар.