Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары және қонақтары!
Мен «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК ресми интернет-ресурсына хош келулеріңізге қуаныштымын!
Біздің сайтымыздың көмегімен Сіздерге жақын тілдесеміз, медициналық қызметтер көрсету мәселелерінде өзара қарым-қатынас, кері байланыс орнатамыз деп үміттенеміз.
Сіздердің кез-келген өтініштеріңіз назардан тыс қалмайды, ұсыныстарыңыз, ескертулеріңіз қарастырылып, бізге медициналық көмектің ұйымдастырылуын жетілдіруге көмектеседі.
Сіздермен бірлесе отырып, медициналық қызмет көрсету деңгейін көтеріп, тұрғындардың денсаулығын нығайта аламыз. Біз медициналық көмектің әркімге қолжетімді және сапалы болуына ұмтыламыз.
Сайтта өзіңізге қажетті кез-келген ақпаратты таба аласыздар, денсаулықты қорғауға қатысты сұрақтар қойып, денсаулық сақтау саласының соңғы жаңалықтарын және алдағы іс-шаралардың анонстарын біле аласыздар.
Баршаңызға денсаулық тілеймін!
Құрметпен, бас дәрігер Макашева Шолпан Ермековна